Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында – балаларға арналған мереке
Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Алтынай» бөбекжай тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Алтынай» бөбекжайының бүлдіршіндеріне арналған іс-шара өтті. Асфальтқа сурет салу, әртүрлі қызықты ойындар, билер және, әрине, тәтті сыйлықтар – осының бәрі кішкентайларға нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Нүркелді: «Біз музейге келдік. Қызықты ойын ойнадық. Сыйлық берді. Рақмет!»
Гүлзат Қуанышева, «Алтынай» бөбекжайының тәрбиешіс: «Балалар мерекесіне берген сый-сияпаттары, ұйымдастырылған ойын-шаралардың барлығы бізге ұнады. Көп-көп рақмет сіздерге!»
Іс-шара ұйымдастырушылары балаларға арналған қызықты ойын-сауық бағдарламасын дайындап, белсенділік танытқан үшін тәтті сыйлықтар таратты.