fbpx

Қуыршақтар әлемі


Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Ирина Наумованың «Балалық шағымыздың сиқыры» атты қуыршақтар топтамасына арналған көрме ашылды.

 Тарихи-өлкетану музейінде «Балалық шағымыздың сиқыры немесе қуыршақтар мекені» атты жаңа көрме ашылды. Экспозиция авторы — Ирина Наумова. Ол қуыршақ жинауға 2000 жылдардың басында әуестене бастаған.

 Алғашқы қуыршақтар — ұлттық киімдегі қолдан жасалған туындылар. Уақыт өте келе Ирина олардың киімдерін өзі тіге бастады: бас киім, аксессуар, көйлек, аяқ киім — барлығы да автордың қолынан шыққан. Музей қызметкерлерін таңғалдырғаны — бұл шығармашылық жоба кәсіби дизайнер емес, медицина саласының маманы тарапынан жүзеге асырылған.

Светлана Трещёва, Теміртау тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері: «Таңғаларлығы — автордың мамандығы мүлде шығармашылықпен байланысты емес. Ол — медбике. Өмір бойы перзентханада жұмыс істеген. Бәлкім, осы себептен болар, балаларға деген сүйіспеншілігі қуыршақтарға деген қызығушылықпен ұштасқан шығар».

Көрмеде автордың өз қолымен тіккен және тоқып жасаған 50-ден астам қуыршақ ұсынылған. Барлық киім үлгілері — Наумованың жеке эскиздері бойынша жасалған. Бұл ерекше коллекциямен Теміртау тарихи-өлкетану музейіне барып танысуға болады.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: