Бірлік пен мақтаныш мерекесі
Теміртауда, “Шығыс” саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні кеңінен аталып өтті. Бұл мереке жыл сайын қазақстандықтарды тәуелсіздігіміздің басты нышандары – Ту, Елтаңба және Әнұран төңірегінде біріктіреді.
Теміртау қаласының “Шығыс” саябағында өткен салтанатты іс-шараға 500-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, волонтерлер мен жастар болды.
Галым Ашимов, Теміртау қаласының әкімі:
«Бүгін еліміз Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. Біз үшін бұл ерекше маңызды мереке, өйткені Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл біздің мемлекеттігіміздің негізі. Сондықтан барлық өңірлерде бұл күн ерекше құрметпен аталып өтуде. Барша теміртаулықтарды шын жүректен мерекемен құттықтаймын! Сіздерге амандық, табыс, және жарқын болашақ тілеймін!»
Салтанатты жиында сондай-ақ патриоттық онлайн-флешмобтың жеңімпаздары марапатталды. Қатысушылар Мемлекеттік рәміздер мен Отанға деген сүйіспеншілікке арналған авторлық бейнероликтерін ұсынды. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Гүлмира Олжабаева, Теміртау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
«Біздің қаламызда осындай іс-шаралардың өткізілуі мені қатты қуантады. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Бұл – халқымыздың патриоттық рухының жоғары екенін, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметінің зор екенін көрсетеді. Өйткені рәміздер – бұл біздің мемлекеттілігіміздің негізі.»
Ресми бөлімнен кейін мереке флешмобтармен, шығармашылық қойылымдармен және өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. “Шығыс” саябағында патриоттық рух пен бірлік атмосферасы орнады. Қатысушылар мұндай іс-шаралардың ел рәміздеріне деген құрмет пен ұлттық сана-сезімді тәрбиелеуде маңызды екенін атап өтті.
Комментарии