Теміртауда Құрбан айт
2025 жылдың 6-8 маусымы аралығында қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Теміртауда құрбандық шалу рәсімін өткізуге арналған арнайы орындар ұйымдастырылады.
Қаланың аумағында мал сою рәсімі Батыс көшесі, 33А мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Ал Ақтау кентінің тұрғындары үшін құрбандық шалу рәсімі 8-шағынаудан, 42А мекенжайындағы мешітте өтеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары құрбандық шалу кезінде санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Комментарии