«АКВА-трейдинг» тағы да назарда
Оң жақ жағалау тұрғындарының өмірі өркениеттің игілігі үшін тынымсыз күреске айналды. Толып кеткен кәріз коллекторларынан аққан лас су Мартенов көшесі, 36-үйдің жертөлесін тағы да басып қалды.
Соңғы уақытта Оң жағалаудың коммуналдық мәселелері күн сайын дерлік жұртшылық назарында. Мұндағы тұрғындар суық су мен кәріз жүйесіне қатысты ақаулардан көз ашпай отыр. Кешегі кеште біздің редакциямызға тағы да Мартенов көшесі, 36-үйдің тұрғындары хабарласты. Мәселе бұрынғыдай – жертөле толған нәжіс.
Үй иесі Неля Оккерт тиісті тәртіппен өтінімді диспетчерге қалдырған. Бірақ бұған дейінгі ащы тәжірибесін ескеріп, сақтық үшін редакцияға да қоңырау шалды. Сағат 16:36-да біздің тілшіміз «АКВА-трейдинг» ЖШС директоры Аягөз Смағұловаға тікелей хабарласып, жағдайды жеткізді. Директор көмектесуге уәде бергенімен, кешкі онға дейін төтенше жағдайлар бригадасы оқиға орнына келмеді. Тұрғындардың аудандық жалпы чаттағы өтініштері де жауапсыз қалды. Сағат 23:00 шамасында округ депутаты тұрғындарға көмектесу үшін өзі шыққанын жазды. Алайда ол коммуналдық қызметкер емес.
Сиқырлы таяқша тигендей, сол кезде «АКВА-трейдинг» кезекші бригадасы оқиға орнына жетіп келді. Бұл жай ғана сәйкестік пе – айту қиын. Бірақ бір сағат ішінде бригада кәріз апатын жойды.
Бірнеше сағат бойы «АКВА-трейдинг» ЖШС директоры Оң жағалаудың жалпы чатында жағдайға еш түсініктеме бермеді. Алайда, ол ақпаратты Оң жағалауға қатысы шамалы қалалық чатқа жіберіп отырды. Ал Оң жағалаудың чатында Аягөз Қалқаманқызы басқа үйлердің тұрғындарымен сөзге келіп, кім кімнен қарызға ақша сұрағанын анықтауға тырысты. Бұл әңгіменің Мартенов көшесіндегі кәріз мәселесіне қандай қатысы бар екенін біздің тілшінің қойған сұрағына Аягөз Қалқаманқызы жауап берген жоқ.
Комментарии