fbpx

Болашақ кітапханалары


Теміртауда балалар кітапханалары қызметкерлеріне арналған облыстық семинар өтті. Кездесудің басты мақсаты – балаларды кітап оқуға тартудың заманауи және тиімді тәсілдерін әзірлеу.

Теміртауда балалар кітапханашыларының облыстық семинары өтті. Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен келген қырыққа жуық маман цифрлық ғасыр жағдайында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалай сақтау керектігін талқылады. Семинар барысында кітап көрмелерін безендірудің жаңа тәсілдеріне және халықаралық әріптестікке ерекше назар аударылды.

Баян Уатаева, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы: «Теміртаулықтарды кітапханаға келіп, кітап оқуға шақырғым келеді. Кітапхана – бұл қарым-қатынас орны, балалармен, отбасымен бірге уақыт өткізуге болатын жайлы орта. Мен сеніммен айта аламын: алдағы бес жылда кітапхана ең сәнді орындардың біріне айналады».

Семинарға қатысушылар балаларды кітап оқуға тартудың ең үздік тәжірибелерімен бөлісті, жас оқырмандармен жұмыс істеудің заманауи форматтарын талқылады.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: