fbpx

Теміртауда мердігерлер мерзімдерді бұзуда


Теміртауда қала әкімі Ғалым Әшімовтың төрағалығымен мердігер ұйымдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңесте қала жобаларын жүзеге асырып жатқан мердігерлердің жұмысына қатаң сын айтылды. Бұған құрылыс және абаттандыру жұмыстарының едәуір кешігуі мен орындалған жұмыстардың сапасының төмендігі себеп болды.

Теміртауда қала әкімі Ғалым Әшімовтың төрағалығымен мердігер ұйымдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңесте қала жобаларын жүзеге асырып жатқан мердігерлердің жұмысына қатаң сын айтылды. Бұған құрылыс және абаттандыру жұмыстарының едәуір кешігуі мен орындалған жұмыстардың сапасының төмендігі себеп болды. Кеңесте 4А шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жай-күйі басты тақырып болды.

Жоспар бойынша, мердігерлер маусым айының соңына дейін 60 пәтерлі үйдің құрылысын, тамыз айының соңына дейін — 90 пәтерлі, ал жыл соңына дейін — 120 пәтерлі үйдің құрылысын аяқтауы тиіс болған. Алайда бұл міндеттемелер орындалмай отыр.

Қала әкімінің айтуынша, жұмыстардың уақытылы орындалмауы тек мерзім мәселесі ғана емес, бұл — халық сенімінің мәселесі.

Оң жағалаудағы скверді абаттандыру жұмыстары да алаңдатарлық жағдайда. Жоспарланған жұмыстың тек шамамен 50%-ы ғана орындалған. Барлық мерзімдер, оның ішінде 31 мамырға дейін ұзартылған мерзім де аяқталғанына қарамастан, абаттандыру аяқталмаған.

Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне мерзімді бұзған мердігерлермен келісімшартты заң аясында бұзып, жаңа конкурс жариялауды тапсырды.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: