fbpx

Еңбек адамы. Ирина Ермакова


Қоғамда еңбек адамы дегеніміз – тек ауыр өндірісте жұмыс істейтін адам деген түсінік бар. Алайда айналаға көз жүгіртсек, еңбек адамдары бізді барлық жерде қоршап жүр. Бүгінгі шығарылымымызда біз қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде 17 жылдан бері сатушы болып еңбек етіп келе жатқан жан туралы айтып береміз.

Ирина Алексеевна Ермакова – өндірісте жұмыс істемесе де, «еңбек адамы» деген құрметті атауға әбден лайық жан. Ол 17 жылдан бері Теміртаудағы «Парламент» дүкенінде сатушы болып қызмет етеді. Ирина Алексеевна адамдармен жұмыс істеу өзіне оңай тиетінін айтады.

Ирина Ермакова, «Парламент» дүкенінің сатушысы: «Біздің ауланың тұрғындары өте тату. Жаңа жыл мерекесінде бәріміз бірге жиналып, қызықты іс-шара өткіздік. Аяз Ата мен Ақшақар келді, бәріміз сыйлықтар тараттық, адамдар риза болып қайтты. Наурыз мерекесінде де шағын, бірақ жақсы сыйлықтар бердік».

Ирина Алексеевна бұл мамандыққа жүрек қалауымен келген. Балалық шағынан сатушы болуды армандаған. Мектептен кейін кран машинисі мамандығын меңгерсе де, сауда саласында жұмыс істеу арманынан бас тартпаған. Оның айтуынша, тұрақтылық та маңызды – осы жылдар бойы бір ғана жерде, бір жұмыс берушінің қарамағында еңбек етіп келеді. Оның пікірінше, басшылық пен ұжым арасындағы қарым-қатынас өте маңызды.

Ирина Ермакова, «Парламент» дүкенінің сатушысы: «Біздің ұжым көп жылдан бері қалыптасқан. Ұжымымыз жақсы. Біз бір-бірімізге үйренісіп кеттік, бәріміз адал еңбек етеміз деп ойлаймын».

Ирина Алексеевна Алматы қаласында дүниеге келген, кейін балалық шағында отбасымен бірге Теміртауға қоныс аударған. Оның сүйікті қызы Юлия, немерелері Матвей және Варвара бар. Бос уақытын немерелеріне арнайды. Ашық-жарқын жан болғандықтан, көп құрбысы бар.

Ирина Ермакова, «Парламент» дүкенінің сатушысы: «Қазір бұрынғыдай жиі кездесе алмаймыз, әркімнің өз отбасы, немерелері бар. Бұрын жиі кездесіп, бірге саяжайға барып, кафелерге барып тұратынбыз».

Ирина Алексеевна жылдар бойы тек өзінің шеберлігін шыңдап қана қоймай, басқаларға да бұл кәсіпті меңгеруге көмектескен. Ирина Алексеевна сауда саласында жұмыс істеу қиын емес дейді. Ең бастысы – ниет болу керек. Ал қалғанының бәріне үйренуге болады.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: