Халықаралық татамиде – қазақстандық триумф
Теміртаулық жас спортшылар Мәскеуде өткен халықаралық айкидо жарыстарынан оралды. Турнирге 20-дан астам елдің өкілдері қатысты, ал Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетті. Жүлдегерлер қатарында – Теміртау қаласындағы «Китацу» айкидо дамыту орталығының тәрбиеленушілері де бар.
Теміртаулық жас спортшылар Мәскеуде өткен халықаралық айкидо жарыстарынан оралды. Жарыстар 30 мамыр мен 2 маусым аралығында өтті. Турнирге 20-дан астам елдің спортшылары қатысты. Жүлделі орындарға ие болғандардың қатарында – Теміртаудағы «Китацу» айкидо дамыту орталығының шәкірттері.
Данил Замиралов, жаттықтырушы: «Біздің спортшылар екі санатта бақ сынады. Бұл санатта Першин Роман мен Мусаков бірінші және үшінші орын алды. Сондай-ақ командалық сайыста Қазақстан екінші орынға ие болды. Біздің балалар үздік нәтиже көрсетті».
Ата-аналар үшін бұл жай ғана жарыс емес — бұл толқу, мақтаныш пен эмоциялық бірлік. Себебі әрбір жетістіктің артында тек спортшының емес, оның жақындарының да күнделікті еңбегі жатыр.
Анатолий Непершин, қатысушының әкесі: «Эмоциямыз өте жағымды болды. Әсіресе, балаң жүлделі орынға ие болғанын естігенде қатты толқисың. Көп уайымдадық. Жаттықтырушыға үлкен рақмет, ол балаларға өз уақытын да, күшін де арнап, барынша қолдау көрсетеді. Барлық балаларыңызға шын жүректен қуаныштымын – бәрі жарады».
Жарыстарда жетістікке жету үшін спортшыларға мықты дайындық пен өз-өзіне сенім керек. Мұндай нәтижелер — жаттықтырушылардың кәсіби еңбегі мен тәртіпті жаттығулардың жемісі.
Андрей Замиралов, айкидо орталығының жетекшісі: «Мұндай форматтағы жарыс алғаш рет ұйымдастырылды. Нәтижесінде бір шәкіртіміз чемпион, екіншісі қола жүлдегер атанды. Балалар өте жақсы өнер көрсетті. Командалық есепте де жүлделі орын алдық. Біздің клуб үшін және жалпы Қазақстан айкидосы үшін бұл – өте жақсы нәтиже деп есептеймін».
Спортшылардың өздері бұл жарысты тек өз күштерін сынап көру мүмкіндігі емес, ұзақ есте қалатын шынайы спорт мерекесі ретінде бағалайды.
Роман Непершин спортшы: «Айкидомен айналысқаныма шамамен 10 жыл болды. Ең бастысы – бапкерлерімізге және барлық жаттықтырушылар құрамына үлкен алғысымызды білдіреміз».
Жарыс бүкіл команда үшін маңызды кезең және әрбір қатысушы үшін жеке жетістік болды. Бұл – қажырлы жаттығулардың, командалық қолдаудың және еліміздің намысын биікте қорғауға деген зор ынтаның нәтижесі.
Комментарии