fbpx

Жаңа уақыт – жаңа сен


Өзіңді табу жолын қалай бастауға болады? Өзгерістерден қорқуды қалай доғарамыз? Теміртауда өткен әйелдер форумында осы сұрақтарға жауап іздеді. Шарада күйзеліссіз даму, қолдау, отбасы және бетпе-бет сөйлесудің маңыздылығы сөз болды.

Теміртауда алғаш рет «Жаңа уақыт – жаңа сен» атты әйелдер форумы өтті. Іс-шараны ұйымдастырған — 20 жылдық тәжірибесі бар психолог Евгения Скворцова. Оның айтуынша, кездесудің басты мақсаты — жеке және кәсіби дамуға ұмтылған әйелдерге қолдау көрсету.

Евгения Скворцова, психолог: «Бүгін біз даму жолына түскісі келетін, өзін жүзеге асырғысы келетін, бірақ неден бастарын білмейтін әйелдерді қолдау үшін жиналдық. Мен даму деген – жай ғана араласу, танысу, серіктестер мен клиенттер табу арқылы да жүзеге аса алатынын көрсеткім келеді. Осындай тірі нетворкингтер соған мүмкіндік береді».

Форум интерактив форматында өтті: қатысушылар тек спикерлерді тыңдап қана қоймай, тақырыптық үстелдерде сарапшылармен жеке сөйлесе алды. Евгенияның айтуынша, осындай ашық диалог әйелдерге бір-бірін жақсырақ танып, байланыс орнатып, қолдау сезінуге сеп болады.

Евгения Скворцова, психолог: «Бүгінгі спикерлеріміздің қатарында кәсіпкер Данил Васютин бар. Бізге Алексей Борисович Ломакин де келіп қолдау білдірді. Ол кісіге үлкен алғысымызды айтамыз — дәл осы ауқымдағы іс-шараны өткізуге көмектесті. Сонымен қатар Қарағандыдан келген кәсіпкер Сергей Лим «комьюнити» тақырыбы бойынша ой бөліседі. Ал Кирилл Скрыль мобилография туралы, яғни мазмұнды күйіп кетпей қалай жүргізуге болатынын айтады».

Форум барысында серіктестер мен демеушілер атынан сыйлықтар мен сертификаттар ұтысқа тігілді. Қатысушылардың бәрі бонус карталар алды, ал ең сәттілері — сарапшылардың сыйлықтары мен қызметтеріне ие болды.

Евгения Скворцова, психолог: «Бүгінгі шарамыздың атауы — «Жаңа уақыт – жаңа сен». Бұрынғыдай болмайды. Ал бір жылдан кейін бұл шара қалай аталатынын көреміз, мүмкін, атауы өзгелер. Бірақ біз бұл қауымдастықты сақтап қалғымыз келеді, осындай кездесулерді жалғастыру үшін».

Ұйымдастырушылар мұндай ауқымды форумдарды әр төрт ай сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ай сайын Теміртау Жастар үйінде шағын, тегін кездесулер ұйымдастырылмақ. Жоспарда сонымен қатар экскурсиялар, тимбилдингтер мен тақырыптық кездесулер бар.

Комментарии

Ответить

Вы должны войти, если хотите оставить комментарий.

Войти с помощью: