Кәсіби мереке қарсаңындағы шабуыл


12 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында 38 жастағы ер адам екі дәрігерге дене жарақатын салды.
Қақтығыстың неден шыққаны нақты белгісіз. Белгілісі – бәрі ауызша жанжалдан басталып, төбелеске ұласқан.
Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл оқиғаға байланысты ресми жауап алдық – құқық қорғау органдары тергеу барысын бақылауда ұстап отыр.
Биыл жыл соңына дейін Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр.