Жастар және қаржылық сауаттылық


Теміртауда жастарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өтті.

Теміртауда жастарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренинг өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар ақша әлемінің қалай жұмыс істейтінін неғұрлым ерте түсінсе, ересек өмірде өздерін соншалықты сенімді сезінетін болады.

Дмитрий Казанцев, ҚР салықтары бойынша сарапшы: «Бүгін Теміртауда біз жастарға арналған ерекше іс-шара өткізіп отырмыз – бұл 18 жастан асқан жастарға арналған. Бүгін біз өте маңызды тақырып – қаржылық сауаттылық жайында әңгіме қозғаймыз. Ақшаның қалай жұмыс істейтіні, пассивті табыс не үшін қажет, оны қалай қалыптастыруға болады, қандай салаларға инвестиция салуға болады – осының бәрін талқылаймыз. Бұл өте өзекті тақырып, өйткені Қазақстанда қаржылық сауатсыз адамдар әлі де көп. Бұл жағдайды өзгерту үшін бәрін жастардан бастау қажет. Сонымен қатар, бүгінгі іс-шараға қатысушылар қыркүйектен бастап қаржы, бизнес және инвестиция бойынша бір жылдық тегін оқуға мүмкіндік алады».

Оқу интерактивті форматта өтеді. Зеріктіретін дәрістердің орнына – тәжірибелік кеңестер, өмірлік мысалдар мен қарапайым түсіндірулер ұсынылады. Қатысушылар сұрақ қойып, пікір бөлісіп, алған білімдерін өмірде қалай қолдануға болатынын бірге талқылайды.

Санжар Әлімбаев, қатысушы: «Бүгінгі қаржылық сауаттылыққа арналған іс-шара жастарға өз экономикасын дамытуға және болашақта бай болуға көмектеседі. Бұл өте қажет, себебі қазіргі жастар бұрынғыдай емес – қамсыз жүр. Олар болашағы туралы ойлануы керек, өз жолында не күтіп тұрғанын білуі тиіс».

Қаржылық сауаттылық – бұл тек ақша туралы ғана емес. Бұл – өзіңе, күшіңе және болашағыңа деген сенім. Жастар осыны неғұрлым ерте түсінсе, болашағы да соншалықты жарқын және табысты болмақ.