Жаңбырдан кейін: қалада су жиналған жерлер жойылды
Өткен демалыс күндері жауған нөсер жаңбырдан кейін Теміртаудың кейбір учаскелерінде жауын-шашын суының көп мөлшерін қабылдауға жауын суын бұру жүйес үлгермей қалды. Соның салдарынан жолдың жүру бөлігінде уақытша су жиналып, көлік қозғалысына кедергі келтірді.
Мердігер ұйымдар жағдайға жедел әрекет етті: проблемалық учаскелерде су тарту және жүйені тазарту бойынша қосымша шаралар қабылданды. Мамандар су бұру жүйесінің жұмысын тәулік бойы бақылап, бітелген жерлерді тазалады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта жағдай тұрақталған. Сел мен су басу қаупі жойылды, жол желісінің барлық учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Жергілікті билік тұрғындарға ауа райының нашарлауы кезінде жолда сақ болуды және қажет болған жағдайда қиындықтар туралы тиісті қызметтерге хабарлауды ескертеді.