Болашаққа арналған театр
Теміртауда «Жас көшбасшы мектебі» жобасы аясындағы кездесулер жалғасуда. Бүгінгі шараның басты тақырыбы — театр. Жастар үйінде Теміртау қалалық жас көрермен театрының өкілдері мен белсенді жастар арасында ашық диалог өтті.
Жастар орталығының алаңында болашақ режиссерлер, актерлер мен продюсерлер бас қосты — олар «Жас көшбасшы мектебі» жобасының қатысушылары. Кездесудің басты тақырыбы — қазіргі заман театры және оның жастар өміріндегі орны. Теміртау жас көрермен театрының өкілдері XXI ғасырда театр қалай өзгеріп жатқанын, қандай жаңа форматтар пайда болғанын және сахна сыртындағы жұмыстар қалай жүретінін әңгімеледі.
Павел Авдюков, «Prospect» балалар мен жасөспірімдер театрының директорының орынбасары: «Біз әріптестерімізбен бірге жастарға продюсерлік пен театр менеджментінің құпияларын бөлісудеміз. 2025 жылы да Теміртауда заманауи, жастарға арналған мазмұнды өнім жасап жатқан театр бар. Біз осы өнімді ашып көрсетіп, болашақ жобаларды одан әрі табысты етуді қалаймыз».
Жоба «Жас көшбасшы мектебі» аясында жүзеге асырылып жатыр және жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Бұл кездесу театр жайлы әңгіме ғана емес, нағыз буындар арасындағы диалог болды — кеше көрермен болған жастар, ертең сахна мен өнердің жаңа туындыларын жасайтын тұлғаларға айналады.