Астана күніне орай қазақстандықтар шілде айында ұзақ демалысқа шығады


2025 жылдың шілде айында қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтеді. Астана күніне орай тұрғындар қатарынан үш күн — 5, 6 және 7 шілдеде демалады.

Биыл 6 шілде — Астана күні жексенбіге сай келіп тұр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, егер мереке демалыс күнімен сәйкес келсе, келесі жұмыс күні ресми түрде демалысқа ауыстырылады. Осылайша, 7 шілде, дүйсенбі — қосымша демалыс болады.

Бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар үшін бұл үш күндік демалыс. Ал алты күн жұмыс істейтіндер 6 және 7 шілдеде демалады. Олар үшін 5 шілде — жұмыс күні.

Айта кетейік, 2025 жылғы шілде айында бес күндік кесте бойынша 9 күн, ал алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер 5 күн демалады. Сәйкесінше, жұмыс күндерінің саны — 22 және 26 күнді құрайды.

Астана күнін мерекелеу аясында елордада дәстүрлі түрде ауқымды іс-шаралар өтеді. Концерттер, көрмелер, фестивальдер мен көшелік жәрмеңкелер ұйымдастырылады деп күтілуде.