Тәуелділікке қарсы форум

Жастар арасында нашақорлық пен лудоманияның алдын алуға арналған облыстық форум өтті. Іс-шара нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы республикалық айлық аясында ұйымдастырылды. Форумның басты мақсаты — жастармен жұмыс істейтін барлық қызметтердің күшін біріктіру және алдын алудың жаңа тәсілдерін талқылау.

Аида Искакова, «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы: «Бүгінгі шарада негізгі назар тікелей жастармен жұмыс істейтін мамандарға аударылады деп ойлаймын. Бұл іс-шара алдағы бірлескен жоспарларымызды жүзеге асыру мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға тың серпін береді».

Қатысушылар тәжірибе алмасуға және алдын алудың жаңа әдістерін талқылауға ерекше назар аударды. Форумда ІІМ, білім беру және денсаулық сақтау жүйесінде қолданылып жатқан құралдар таныстырылды. Өңірде жастарға есірткі үгітімен күресте көмектесіп жүрген еріктілер белсенді түрде жұмыс істеуде.