Ұлттық дәм — халықтар үндестігі


Теміртауда өткен кулинариялық шеберлік сабағы – ұлттар арасындағы татулықты нығайтудың жарқын үлгісі. Іс-шара барысында қатысушылар неміс этномәдени бірлестігімен бірге дәстүрлі вафли дайындап, неміс халқының мәдениетімен жақынырақ танысты. Мастер-класс Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Теміртауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кулинариялық шеберлік сабағы өтті. Іс-шараны неміс этномәдени бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырған. Қатысушылар неміс халқының дәстүрлі вафлиін дайындап қана қоймай, олардың ұлттық тағам мәдениетімен де тереңірек танысты.

Ольга Попова, неміс орталығының аспаздық үйірмесінің жетекшісі: «Үйірмемде мен ең алдымен тағам дайындаудың негіздерін және асүйдің қорқынышты емес екенін, бәрін өз қолымызбен жасауға болатынын түсіндіремін. Балалар өздері қамыр илеп, пісіріп, әшекейлеп, бірден дәмін татты. Оларға бұл үдеріс ұнады, мен де өз еңбегімнің адамдарға қуаныш сыйлап жатқанын көріп, шынайы ләззат алдым».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кулинариялық сабақ – әсіресе жастар арасында – мәдениетаралық диалогты дамытудың бейресми, бірақ тиімді тәсіліне айналды.

Анатолий Лакунцов, «Ассамблея жастары» жобасының жетекшісі: «Біздің мақсат — белсенді жастарды неміс асханасымен таныстыру. Олар ұлттық тағамдарды өз қолымен дайындап қана қоймай, оның шығу тарихын, дәмдік ерекшеліктерін де білді. Тағам — бұл мәдениет, бұл эмоция, бұл адамдарды біріктіретін күш. Бірге тамақ дайындау — көңілді, шығармашылық және шынайы жақындастыратын үдеріс».

Аспаздық – достық пен өзара түсіністіктің тілі. Бұл шеберлік сабағы дәл осы идеяны жеткізді. Демек, ұлттың салты мен мәдениеті – дәм, қарым-қатынас және бірлескен шығармашылық арқылы өміршеңдігін жалғастырып келеді.