Қарағанды облысының жас футболшылары жеңіс үшін таласуда


Теміртау қаласындағы «Металлург» стадионында 2014–2017 жылы туған жасөспірімдер арасында Қарағанды облысы әкімінің алғашқы футбол кубогы басталды. Бұл турнирге өңірдің үздік командалары жиналды.

Теміртау қаласындағы «Металлург» стадионында Қарағанды облысы әкімінің алғашқы футбол кубогы өз жалауын көтерді. Турнирдің басты мақсаты – мықтыларды анықтап қана қоймай, болашақ спорттық жеңістердің негізін қалау, дейді ұйымдастырушылар.

Серік Сәпиев, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: «Қарағанды облысы әкімінің кубогының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан Теміртау қаласының әкімдігіне алғысымды білдіремін. Керемет турнир, алғашқы кубок. Барлық қатысушыларға сәттілік пен үлкен жеңістер тілеймін!».

Алаңда Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларынан, сондай-ақ Абай, Нұра және Осакаров аудандарынан келген командалар бақ сынауда. Эмоциялар шегіне жеткен – әр команда жеңіске жетуді қалайды.

Еділ Тұрсынханов, «Балқаш» командасының жаттықтырушысы: «Бұның алдында Қарағанды облысында екінші орын алған болатынбыз. Осы ойында барлығына сәттілік тілеймін. Қарағанды облысынан он команда келді».

Жас спортшылар үшін бұл жай ғана ойын емес – бұл арманға апарар жол. Олардың көбісі ірі турнирлерде жетістіктерге жетіп үлгерген.

Шыңғыс Бахытқанұлы, «Балқаш» командасының ойыншысы: «Бізге жаттығуда жаңа тактикаларды үйретеді. Пас беру мен соққыларды жаттықтырамыз. Көп жаттығулар өтеді».

Бұл турнир жақсы дәстүрге айналуы мүмкін. Ал оның қатысушыларының арасында болашақ қазақстандық футбол жұлдыздары өсіп келе жатқаны сөзсіз.