Бастамадан – жеке кәсіпке дейін: Теміртау әкімінің гранттары кәсіпкерлерге қалай көмектеседі
Теміртауда 30 жас кәсіпкер қала әкімінің грантын иеленді. Алты айдан кейін комиссия жобалардың іске асуын тексеріп жатыр. Көпшілігі – қиындықтарға қарамастан табысты дамып келеді. Біздің тілші қай идеялар қолдау тауып жатқанын және қатысушылар қандай кедергілерге тап болатынын анықтады.
2024 жылдың қараша айында Теміртауда 130-дан астам өтінімнің ішінен ең үздік 30 жоба іріктеліп, қала әкімінің грантына ие болды. Қазір, арада жарты жыл өткенде, комиссия олардың қалай жүзеге асып жатқанын тексеріп жатыр.