Металлург — Теміртаудың мақтанышы


Теміртауда қала күні мен Металлургтер күніне арналған «Металлург — от мамандық иегері» атты тағылымды шара өтті. Жастар қала тарихымен және металлургия саласының қалыптасу кезеңімен танысу үшін комбинат ардагерлерімен жүздесті.