Қазақстанда көші-қон тәртібін бұзғандар үшін жаза күшейтілуі мүмкін


Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілуі мүмкін. Мұндай тапсырманы Премьер-министр Олжас Бектенов берді. Мәселе Үкімет отырысында қаралды.

 Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы елде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді. Шетелдік азаматтарды тіркеу ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр.