Табиғатқа деген махаббатпен


Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз ел игілігі үшін тер төгіп жүрген қарапайым еңбек адамдары туралы баяндаймыз. Олар көп жағдайда назардан тыс қалып жатады, алайда тап осындай еңбексүйгіш жандарсыз таза көшелерді, жайқалған гүлзарларды, көрікті саябақтарды елестету мүмкін емес. Солардың бірі – Теміртаудағы «Шығыс» саябағында еңбек ететін Надежда Феденёва.