Жантүршігерлік жағдай
Теміртау-Ақтау жол бойында орын алған көлік оқиғасы. Қарағанды облысының полициясы тергеуді жалғастырып, барлық жүргізушілерді рульде өте сақ болуға шақырады. Біздің хабарымызда толығырақ.
27 шілдеде сағат 11:50 шамасында «Теміртау-Ақтау» автожолында екі автокөліктің: «Toyota» және «Shacman» қатусуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Toyota» автокөлігінің 13 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.