«Китацу» клубында өзіңді де, өзгелерді де қорғауды үйретеді
Теміртаудағы «Китацу» дзюдо клубы балаларды қабылдауды бастады.
Теміртауда орналасқан «Китацу» спорт клубы балаларға тек дзюдоны ғана емес, мықты мінезді, тәртіпті және өзгелерге құрметпен қарауды да үйретеді. Мұнда әр балаға жеке көңіл бөлініп, тек физикалық тұрғыдан емес, тұлғалық жағынан да дамуына жағдай жасалады.