Ашық есік күні: Теміртауда ерекше жандарға арналған жаңа кеңістік ашылды
Теміртаудағы Жастар үйінде ерекше іс-шара өтті. Бұл – мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жүргізетін бөлімнің Ашық есік күніне арналған кездесу. Қатысушыларға шығармашылық үйірмелер, спорттық бағыттар таныстырылып, ерекше бөлімнің қызметі жайлы айтылды.