Жылу трассасын қайта құру: құбыр төсеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр
Металлургтер даңғылы бойындағы аумақтардың бірінде құбыр төсеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланған. Биылғы жылға жалпы 1100 метр құбыр жүргізу қарастырылған. Қазіргі таңда соның 860 метрі төселіп үлгерген, енді 240 метрін жүргізу ғана қалды.