Теміртауда жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр


Теміртауда жылыту маусымына дайындық жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Оған қызмет көрсетуші кәсіпорындардың, әлеуметтік сала мекемелерінің басшылары, депутаттық корпус, қоғамдық кеңес, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен №2 ЖЭО-ның жағдайы туралы баяндама тыңдалды.