Теміртауда есірткіге қарсы күрес шаралары талқыланды наркош каз


Теміртау қаласының Жастар ресурстық орталығында есірткіге тәуелділіктің алдын алу және онымен күрес мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

13 тамызда «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі мен Теміртау қаласының «Жастар ресурстық орталығы» бірлесіп жүзеге асырып жатқан есірткіге қарсы алдын алу жобасы аясында «Есірткіге қарсы профилактикалық іс-шараларды өткізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық кеңестің, үкіметтік емес сектордың, сондай-ақ қалалық полиция басқармасының өкілдері қатысты.