Қатаң сыннан нақты тапсырмаларға дейін
Теміртау әкімі Ғалым Ашимов қала инфрақұрылымына жауапты мердігер ұйымдармен жұмыс кеңесін өткізді. Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, мердігерлер және сапаны бақылау мамандары қатысты. Ерекше назар Металлургтер даңғылын күрделі жөндеуге аударылды.