Теміртау. Алғашқы құрылысшылар көзімен тарих


Теміртау – Бүкілодақтық құрылысқа келген мыңдаған жас арқасында бой көтерген қала. Біздің шақыруымызға алғаш болып Татьяна Епанчинцева үн қатты. Ол анасының – алғашқы құрылысшы екенін, және отбасы көптен бері шетелде тұрса да, жандары әлі де Теміртауда екенін айтты. Біз бейнебайланыс арқылы Теміртаудың құрылысына қатысқан жан – Галина Петровна Нидзельницкаямен сөйлестік.