Теміртауда Жастар денсаулық орталығы жұмысын бастады
Теміртауда Жастар денсаулық орталығы ашылды. Мұнда жасөспірімдер мен балалар мамандардың кеңесін алып, психологиялық көмекке жүгіне алады. Орталықта психолог, дерматовенеролог, уролог, гинеколог, әлеуметтік қызметкер және тіркеуші жұмыс істейді. Негізгі бағыт – отбасылық немесе жеке жағдайында қиындыққа тап болған жастарға қолдау көрсету