Теміртауда «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті
Теміртауда «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында рейд өтті. Тексерулер 19-28 тамыз аралығында бүкіл облыс аумағында жүргізілуде. Алғашқы күні Теміртауда 20 заңбұзушылық анықталса, жалпы облыс бойынша шамамен 90 шетел азаматының заңсыз жүргені мен жұмыс істегені белгілі болды.