Дәуір куәгері
Олардың бірі – Анатолий Иванович Даншин. Ол Теміртауға 1956 жылдың желтоқсан айында келген. Оның естеліктері – қазіргі Теміртаудың тарихы басталған алғашқы құрылыс күндерінің тірі шежіресі. Алғашқы құрылысшы Даншин газеттің бетінен Бүкілодақтық құрылыс жөніндегі хабарландыруды оқып, бару керек деп шешім қабылдаған.