Ашылу салтанаты — «JUDO GAME» турнирі
Теміртау қаласында «JUDO GAME» турнирінің ашылуы өтті. Татамиде жас дзюдошылар өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс үшін сынға түсті. Толығырақ біздің хабарда.
«JUDO GAME» турнирінің ашылуы «Тау» спорт кешенінде өтті. Сайыстың атауы өз мәнін дәлелдеді: көрермендерді тартысты белдесулер, әсерлі тәсілдер мен нағыз спорттық мереке атмосферасы күтті. Татамиде әрбір қатысушы күшін, ептілігін және мінезін танытса, жанкүйерлер жас спортшыларды қолдап, турнирді жарқын дзюдо көрсетіліміне айналдырды.
Бапкерлер мен ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнирге мұндай атау қазіргі технология дәуірімен байланысты берілген. Өйткені балалар көп уақытын онлайн өткізеді, ал мұнда олар «дзюдо ойынын» ойнайды. Бірақ бұл жерде шешуші рөлді гаджет емес, батырдың жігері мен мінезі атқарады. Спорт, достық және әділ күрес баршаны бір залда біріктіріп, үлкен спорттық мереке атмосферасын қалыптастырды.