Теміртау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып Рауан Азаматұлы Таран тағайындалды
Теміртаудың әлеуметтік мәселелер жөніндегі әкім орынбасары қызметіне Рауан Азаматұлы Таран кірісті.
Ол 2023 жылдан бері «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін басқарып келді.
Рауан Таран 1992 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2013 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, ал 2018 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы – кәсіби оқыту, юриспруденция және экономика саласындағы құқықтық реттеу.
Еңбек жолын Қарағанды облысының жастар саясаты саласында бастаған. Инспектор, бөлім меңгерушісі, бас маман, бөлім және басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 2022–2023 жылдары облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасын басқарды.