«Жасыл Ел» жазғы маусымының қорытындысы: Теміртауда жасақшылар 2 740 текше метр қоқыс жинады
Теміртауда «Жасыл Ел» жобасының төртінші маусымы аяқталды. Төрт айдың ішінде мыңға жуық жасақшы екі жүзге жуық экологиялық акция өткізді, тек тамыз айында — қырықтан астам. Жүздеген мекенжайда тазалық жұмыстары жүргізілді. Кезекті маусымның жабылуына арналған салтанатты шараға жастарды құттықтау үшін қала әкімінің орынбасары Рауан Таран келді.