Штаб отырысы: қала жылыту маусымына дайын ба?
29 тамыз күні Теміртау әкімдігінде өткен кезекті штаб отырысында алдағы қыс маусымына дайындық мәселесі талқыланды. Күн тәртібінде – станциялардағы жөндеу жұмыстары, электр энергиясының жеткізушісін ауыстыру және 1 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін жоспарланған гидравликалық сынақтар болды. Осы кезеңде ЖЭО-2 ыстық су беруді тоқтатады. Қала жалпы 14 тәулік бойы бұл қызметсіз қалады. Жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүріп жатыр. Жылу желілерінде 6 шақырымнан астам құбыр ауыстырылды. Жақын арада мердігерлер аулалық желілерді жөндеуге кіріседі.