Енді КСК мен МК қызметтерін төлемегені үшін айыппұлдар алынады
Тұрғын үй заңнамасына енгізілген өзгертулер 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Тұрғын үй инспекциясы басқарушы компаниялар мен КСК есептерін тексере алады, сондай-ақ олардың басшыларына үйге ағымдағы, жинақ және мақсатты шот ашпаған жағдайда айыппұл сала алады. Сондай-ақ, қазір тұрғындардың мүлкін басқарудың екі нысаны қалды – меншік иелерінің бірлестігі және тікелей өзін-өзі басқару, жай серіктестік алынып тасталды.