Еріктілердің қолымен – таза қала


Теміртауда кезекті сенбілік өтті. Еріктілер қаланың көшелеріне шығып, қоғамдық орындарда тәртіп орнатып, тазалық сақтауға атсалысты.

Сенбілік өткен орын — Абай көшесі мен Төлебаев көшесінің қиылысы маңы болды. Бұл жерге шамамен 30 ерікті жиналды. Қала тұрғындарының өтініштері бойынша дәл осы аумақ ең ластанған әрі шөп басып кеткен аймақ ретінде анықталған. Акцияға қатысушылар бірнеше сағат ішінде шамамен 30 қап қоқыс жинады.

Мекен Нагызбек „Шаңырақ“ волонтёрлік орталығының үйлестірушісі: «Бұндай іс-шаралардың маңыздылығы өте күрделі. Себебі, волонтерлар ғана емес, тұрғындардың өзі де сыртқа шығып көмектеседі. Мекенжайда тұратын тұрғындар бізбен бірге сенбілікке шығып, бізге көмектеседі және тазалықты сақтайды. 02:40+04:29Біздің волонтерлар ең бірінші қорғаныс көзілдірігі мен қорғаныс қолғаптарымен қамтылған және қаптар мен шөп қыратын құралдармен қамтылады және де күректермен».

Қаламызда сенбіліктер маусымы басталып қойды. Олар аптасына екі рет өткізілетін болады – бейсенбі және сенбі күндері. «Шаңырақ» волонтерлік орталығынан 30-дан 50-ге жуық еріктілер қаламыздың тазалығына өз үлестерін қосады. Сенбіліктер өтетін мекенжайдың анықталуы тұрғындардан келіп түскен ұсыныстарға және бейнематериалдарға сәйкес жүргізіледі. Жинақталған қоқыс жүйелі түрде қалалық қоқыс орнына жеткізіледі. Келесі сенбілік алдағы бейсенбіде өтетін болады.