Балалар суреттері байқауы «Статистика баланың көзімен»
Қарағанды облысында «Статистика баланың көзімен» тақырыбында балалар суреттері байқауы басталды. Қатысушылар ретінде 5-тен 14 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Еңбектер 1 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін қабылданады. Адрес: Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10. Ұйымдастырушы — Қарағанды облысы Ұлттық статистика бюросының департаменті. Жас суретшілерге мына тақырыптардың бірін таңдау ұсынылады: «Бізді қоршаған сандар», «Статист мамандық», «Статистиканың көзімен болашақ» және тағы басқа.