«Денсаулық күзетінде: санитарлық дәрігерлер өз мерекесін атап өтуде»
15 қыркүйекте санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары кәсіби мерекесін атап өтеді. Олардың еңбегі — қала тұрғындарының денсаулығын қорғау және аурулардың алдын алу. Осы мереке қарсаңында редакциямыз санитарлық-эпидемиологиялық станцияның жұмысы туралы толығырақ білуді ұйғарып, қаланың бас санитарлық дәрігері Аман Амировқа жүгінді.