Теміртауда мектептерге «бомба қойылды» деген ақпарат жоққа шығарылды


Әлеуметтік желілерде Теміртаудың мектептеріне жарылғыш заттар қойылды деген хабарламалар тарады. Қарағанды облысының полициясы бұл ақпаратты фейк деп атады: барлық оқу орындары қалыпты жұмыс тәртібінде істеп жатыр.

Жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция мұндай хабарламалар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Қазіргі уақытта жалған мәлімет таратқандарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.