Теміртауда ҚР Қарулы Күштері қатарына әскерге шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті
Теміртауда әскерге аттанғалы отырған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Гагарин алаңына ата-аналар, жақындары мен қала тұрғындары жиналып, болашақ сарбаздарға қолдау білдірді. Қала басшылығы шақырылушыларға ақ жол тілеп, құттықтау сөз сөйледі.