Су құбырындағы ірі апатты жойды
Кеше күн бойы қалада суық су болмай қалды.
«LM Electric» мердігер ұйымы ескі қала саябағы ауданында жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде диаметрі 520 мм болатын жұмыс істеп тұрған су құбырын зақымдады. Соның салдарынан Соцгород шағымауданының батыс бөлігі ауыз сусыз қалды.
Апаттық жұмыстарды дереу «Акватрейдинг» компаниясы бастады. Жүйені алғаш қосу кезінде қайтадан құбырдың жарылуы анықталып, ол да тез қалпына келтірілді. Таңғы 5-ке қарай мамандар қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, су беруді қайта қосқан.
Қазір су құбырын толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шамамен 4–5 сағат уақыт алады. Зақымдалған жерде диаметрі 520 мм (болат) ескі құбырдың орнына диаметрі 630 мм болатын жаңа пластик құбыр орнатылуда.
Бүгін Соцгород тұрғындарына су тасымалын «Акватрейдинг» және «Окжетпес-Т» компаниялары қамтамасыз етеді.
Өтініштер бойынша диспетчерлік қызметке төмендегі телефондарға хабарласуға болады:
93-45-43
8-708-430-25-41