Республикалық грек мәдениеті фестивалі: Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Понтос» орталығының 30 жылдығы


2 мен 5 қазан аралығында Теміртау мен Қарағанды қалаларында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен грек мәдени орталығы «Понтос» ұйымының 30 жылдығына арналған республикалық грек мәдениеті фестивалі өтті. Фестиваль аясында еліміздің барлық өңірлерінен келген грек этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін біріктірген дөңгелек үстел ұйымдастырылды.