Теміртаулық спортшылар республикалық сайыста өнер көрсетуде
Қарағандыда «Жастар» спорт кешенінің базасында 13–14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Турнир КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Лепехинің құрметіне арналды. Қатысушылардың қатарында бұған дейін де жоғары деңгей көрсеткен және жеңіске жетуге ниетті Теміртаудан келген спортшылар да бар.