Жұмыстар аяқталуда: Оң жағалау мен Ескі қалада жарықпен қамту тұрақты болады


Теміртауда орталық тарату пунктін жаңғырту жұмыстары аяқталып келеді. Нысанда заманауи реле жүйелері орнатылып, қосуға дайындық жүріп жатыр.

Теміртауда орталық тарату пунктін жаңғырту жұмыстары аяқталып келеді. Нысанда заманауи реле жүйелері орнатылып, қосуға дайындық жүргізілуде. Қазір «Гранд Тауэр Сервис» ЖШС мамандары соңғы кезең — реле жүйелерін баптау және тапсыру жұмыстарын орындап жатыр. Жаңа жабдықтар Оң жағалау мен Ескі қаланы сенімді жарықпен қамтамасыз етеді.

Бақдәулет Тас, «Гранд Тауэр Сервис» ЖШС аумақ бастығы: «Қазір реле бөлігі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгін «Теміртау РЭС» ЖШС-не қызметке тапсыруды жоспарлап отырмыз. Жұмыстардың басым бөлігі аяқталды — қазір реле жүйелерін тапсырып, қосылуын күтіп отырмыз. Қалған жұмыстар толығымен орындалған».

Нысанда бірнеше компанияның мамандары жұмыс істеуде. Сапаны бақылау жұмыстарын «Эксперт-Строй KZ» ЖШС жүзеге асырады. «Ньютон Энержи KZ» зауытынан жеткізілген жабдық уақытылы әкелініп, орнатылып қойылды. Жұмыстар жоспардан бұрын орындалып жатыр — мердігерлер жобаны 20 қазанға дейін толық аяқтайтынына сенімді.

Бақдәулет Тас, «Гранд Тауэр Сервис» ЖШС аумақ бастығы: «Ескі ұяшықтарды бөлшектеу кезінде қиындықтар болды, бірақ біз оны еңсердік. Біздің мерзім — 20 қазанға дейін, және біз үлгереміз. Барлық жұмыстар толық аяқталды. Қазір іске қосу актісін жоспарлап, құжаттарды тапсыруға дайындалып жатырмыз. Электрмен қамту бойынша тұрғындарда бұрынғыдай қиындықтар енді болмайды деп ойлаймын. Себебі бұрын мұнда 1952 жылғы ұяшықтар тұрған, ал қазір 2025 жылғы жаңа жабдықтар орнатылды, олардың сенімділігі әлдеқайда жоғары».

Жоба бойынша бас мердігер — «Гранд Тауэр Сервис» ЖШС, ал қосалқы мердігер — «Альфа Строй KZ» компаниясы. Орталық тарату пунктінен бөлек, жаңа қосалқы станция газ реттеу пунктінде және қаланың оң жағалауында орнатылған. Барлық жұмыстарды толық аяқтау 20 қазанға жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Оң жағалау мен Ескі қала тұрғындары жарықтың жиі сөнуіне тап болатын. Алайда орталық тарату пункті жаңғыртылғаннан кейін, мамандардың айтуынша, мұндай қиындықтар енді болмайды.