Қателікке құқы жоқ жұмыс: теміртаулық құтқарушылардың күнделікті қызметі
19 қазанда Қазақстанда Құтқарушылар күні аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында біздің түсірілім тобы Теміртау қаласының төтенше жағдайлар басқармасында барып қайтты. Төтенше жағдайлар басқармасындағы жұмыс күні кофе ішуден емес, техника мен қорғаныс құралдарын тексеруден басталады. Мұнда «жұмыс уақыты» мен «бейжұмыс уақыты» деген ұғым жоқ — құтқарушылар әрқашан дайын.
Төтенше жағдайлар басқармасында тек өртті сөндіру мен төтенше оқиғаларға ден қою ғана емес, жалпы қауіпсіздік мәселелері де қарастырылады. Ерекше назар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтарды кез келген жағдайда қауіпсіз әрекет етуге үйретуге аударылады. Экранда – қаланың жедел картасы. Дәл осы жерден өрт, жол-көлік апаты немесе төтенше жағдай кезінде барлық қызметтің әрекеттері үйлестіріледі. Құтқарушылардың айтуынша, кез келген пультке түскен хабар біреудің өмірі үшін күреске айналуы мүмкін.
Құтқарушылар өздерінің жабдықтарын да көрсетті — қорғаныс киімдерінен бастап газ-түтіннен қорғау аппараттарына дейін. 800 градус температурада небәрі екі минут жұмыс істеуге болады — ал бұл минуттар көбіне шешуші сәтке айналады.
Құтқарушының жұмысында ұсақ-түйек болмайды. Әр күн – бұл оқиғалар, жаттығулар және профилактика. Барлығы бір мақсат үшін – Теміртауда тыныштық болсын деп. Олар мереке мен демалысты күтпейді. Олардың қызметі – үнемі дайындықта болу. Ал Құтқарушылар күніне оларға айтылар бір ғана тілек бар – дабылды қоңыраулар мүмкіндігінше сирек соғылсын.