Қарағанды облысында роботтандырылған кешен қолданылатын ота жасала бастады
Қарағанды облысында роботтандырылған нейрохирургиялық кешен қолданылатын оталар жасала бастады. Ең жаңа «Рими бот» үлгісіндегі жабдық жергілікті қаржы есебінен сатып алынып, профессор Макажанов атындағы көпсалалы ауруханаға орнатылды. Бұл робот – Қазақстанда дәл осы үлгідегі алғашқысы.
Кешен жоғары дәлдікпен операция жасауға мүмкіндік береді — ауытқу бір миллиметрден аз. Бұл операция уақытының қысқаруына және науқастардың тез сауығуына ықпал етеді. Оның көмегімен Паркинсон ауруы, эпилепсия, ми ісіктері кезінде және гематомаларды жоғары дәлдікпен алып тастау операциялары жасалады.
Мұндай жоғары технологиялық жабдықтың пайда болуы қазақстандық медицина үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Қарағанды облысының дәрігерлері өз пациенттерінің саулығы үшін заманауи технологияларды енгізе отырып, сенімді түрде болашаққа қадам басуда. Жоспарда – жыл соңына дейін жедел жәрдем автопаркін толық жаңарту бар. Қазір бұл жұмыс белсенді түрде жүргізіліп жатыр.