Т. Әубәкіров атындағы гимназияда «Ұлы Даланың Ұлы Тұлғалары» тақырыбында байқау өткізілді
Теміртаудағы Тоқтар Әубәкіров атындағы гимназияда дәстүрлі «Ұлы Даланың Ұлы Тұлғалары» байқауы ұйымдастырылды. Жоба «Адал Азамат» тәрбие бағдарламасы аясында өткізіліп, 2025 жылғы мерейтой иелері, еліміздің дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан көрнекті қазақстандықтарға арналған.